Бас жаңалықтар
Ақтөбеде ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған ұры ұсталды
24 Маусым 2021, 23:36 3883

Ақтөбеде ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ер адам ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының «102» нөміріне дүкеннің 43 жастағы сатушысынан хабар түскен. Ол ер адам тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадағы ақшаны талап еткенін айтқан.

Сатушы оған қарсылық көрсетіп, қарақшыны дүкеннен итеріп шығарып, алдыңғы есікті ішінен жауып алған. Содан кейін полицияға қоңырау шалған. Патрульдік полиция наряды «ізін суытпай» 37 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыс құралы ойыншық тапаншасы болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы дүние-мүлкін тәркілеу, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды, – делінген полиция ақпаратында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...