Бас жаңалықтар
Ақтөбеде "Кітапхана түні" өтті
16 Қазан 2019, 20:37 579

Ақтөбеде "Кітапхана түні" өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада акция өтті, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Кітапханада 350 мыңнан астам кітап қоры бар. Жалпы 18 бөлім оқырмандарының сұранысына орай қажетті кітаптар мен материалдарды тауып береді.

"Алғаш рет кітапхана түнде жұмыс істеп, өз оқырмандарын қуантты. Мұндағы бөлімдер кітап көрмесін ұйымдастырып, ақындар өз өлеңін оқыды. Абайдың 175 жылдығына орай арнайы қойылым дайындалып, оқырмандарға ұсынылды. Акцияға аудандардағы кітапханашылар шақырылды. Олар осы тәжірибені меңгеріп, іске асырады деген сеніміміз бар", - деді кітапхананың бөлім меңгерушісі Сара Мамбетова.  

Кітапханада тек ересек оқырмандар ғана емес, мектеп оқушыларына да қызықты кештер ұйымдастырылды. Олар коворкинг орталығында еркін әңгіме айтып, кейбірі компьютерді қолданып, қажетті ақпараттарын іздеді.

"Өнер әдебиеттері бөлімінде 13 мыңнан астам кітап қоры бар. Оның төрт мыңға жуығы нота. Нота жинақтары тек осы кітапханада болған соң музыкалық колледждің, филармонияның жас мамандары келеді. Әнші Димаш Құдайберген де білім алып жүрген кезде біздің бөлімнен қажетті мағлұматтар алды", - кітапханашы Ақерке Қалдиева.


Фото: дереккөз
Загрузка...