Бас жаңалықтар
Ақтөбеде 2 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдық сатып алынады
24 Қыркүйек 2021, 17:36 308

Ақтөбеде 2 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдық сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облысқа коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 697 960 дозасы жеткізілген.

Вакцинаның І компонентін 311335 адам алды. Бұл вакцина алуы тиіс халықтың 59,6%-ын құрап отыр. Ал ІІ компонентті 267 086 адам, яғни 51,2%-ы салдырған. Медициналық ұйымдарда І компоненттің 52 878 дозасы, ІІ компоненттің 69 200 дозасы қалды, - деп атап өтті Руслан Хамбаров.

Сондай-ақ биыл облыстағы реанимация бөлімшелерін жабдықтау үшін 400 000 мың теңгеден астам сомаға 70 медициналық жабдық сатып алыныпты.

Сонымен қатар 2022 жылы 1,9 млрд теңге сомасына медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарлануда. Мұнда облыстың ауруханаларының реанимация бөлімшелеріне арналған жабдықтарды сатып алу қарастырылып жатыр, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 10 мыңнан астам үй карантинінде екендігі туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...