Бас жаңалықтар
Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысты
01 Наурыз 2021, 16:10 1161

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған, алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккен жолаушылар жоқ.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.


Бүгін сағат 12:15-те Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында 12 бағыт бойынша жүретін ПАЗ маркалы автобус пен Daewoo Nexia автокөлігі жол апатын жасады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Nexia автокөлігінен үш бала ОБКА-ға тексеру үшін жеткізілді және жолаушы Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілді, - делінген ведомсто хабарламасында.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - деп ескертті тәртіп сақшылары.


Фото: дереккөз
Загрузка...