Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

2 Наурыз 2021, 08:49
2252
Бөлісу:
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді. Сонымен қатар бірнеше жолаушы жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілді. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған.

Қазіргі мәлімет бойынша, зардап шеккен жолаушы жоқ.


Өзгелердің жаңалығы