Ақтөбеде әскери қызметшілер балаларға қардан мүсіндер жасап берді

29 Желтоқсан 2020, 08:53
2524
Бөлісу:
Ақтөбеде әскери қызметшілер балаларға қардан мүсіндер жасап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметшілер Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына қардан мүсін, сырғанақ жасады, деп хабарлайды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. 

Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері балаларды қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Балаларға сый жасау үшін ұжым осындай шешім қабылдады. Мультфильм кейіпкерлерімен қатар, Аяз ата, Ақшақар, тышқан мен сиырдың бейнесін қардан жасап, боялды. Сонымен бірге сырғанақ жасалды. Ақтөбе қаласында ақылы саябақ көп, ал әскер гарнизон кішкентай ақтөбеліктердің тегін қыдыруына мүмкіндік жасады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әскери қызметшілер бар болғаны екі күнде оннан астам мүсінді қардан жасады.

Өзгелердің жаңалығы