Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 20 атыс қаруы заңсыз айналымнан алынды.
Қару жедел алдын алу шарасы облыс аумағында 1-15 қазан аралығында өтті. Іс-шараның мақсаты - жедел жағдайды тұрақтандыру, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау. Жедел алдын алу шарасы аясында 8370 қару иесі тексерілді. Қаруды заңсыз сақтағаны, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 20 қару тәркіленді.
Мысалы, К.Нокин ауылының 44 жастағы тұрғынының сарайынан 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығы табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Жайсанның ҚР-дан РФ-ға шығатын автоөткізу бекетінде автокөлікті тексеру барысында 2 дана электрошокер табылды.
Барлығы 50 дана суық қару тәркіленді.