Ақтөбеде соқырішекке ота жасатқан бала көз жұмды

24 Қаңтар 2019, 11:23
2911
Бөлісу:
Ақтөбеде соқырішекке ота жасатқан бала көз жұмды

Астана, BAQ.KZ. Соқырішек болып қалған 9 жастағы баланы Хромтаудан алып келген. От жасалғаннан кейін бала көз жұмды. Бұл туралы diapazon.kz сайты хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай жағдай болмағанын айтқанмен, бұл фактіні ауруханадағы дәрігерлер растап отыр.

«Оқиға 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған күні болды. Баланың соқырішегі асқынып кеткендіктен, Хромтаудан бізге алып келді. Ота жасалғаннан кейін бала көз жұмды. Қазір мән-жайы анықталып жатыр, өлім себебі неден болғаны сараптамалардан кейін анықталады», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

Хромтаулық бала 15 қаңтар күні іші ауыратынын айтып, дәрігерге қаралған. Хирург баланы қарап, қан талдамасын алып, лейкоциттері көп екенін анықтаған және өткір аппендицит болуы мүмкін деген диагноз қойып, балалар ауруханасына жібереді.

«Бізде балалар хирургы жоқ. Біз баланың көз жұмғаны туралы хабардармыз. Өлім себебін қазір ешкім нақты айта алмайды. Бұл тиісті сараптамалардан кейін ғана анықталады», - дейді хромтаулық ауруханадағылар.

Өзгелердің жаңалығы