Ақтөбе облысында Жұрын, Елек ауылдары газға қосылды

1 Қараша 2021, 08:21
7232
Бөлісу:
Ақтөбе облысында Жұрын, Елек ауылдары газға қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қазан, жексенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Мұғалжар ауданында болып, сол жақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысты. Екі ауылдағы газды іске қосу рәсіміне қатысты.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.21.jpeg

Жұмыс сапары Ақкемер ауылының күрделі жөнделген кіре беріс жолын қараудан басталды. Жұмысты «Ақтөбе адал құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі күздің басында аяқтаған. Барлығы 1,1 шақырым автокөлік жолының төсемі жаңартылды. Жоба Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы аясында жүзеге асырылған.

Елек ауылында өңір басшысы газ құбырын іске қосу рәсіміне қатысты. Мемлекет ауыл тұрғындарын газбен қамтуға 229 млн теңгеден астам қаражат бөлді. 4,7 шақырым газ құбыры төселді. Бұл да "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалардың бірі. Елек ауылында барлығы 106 үй мен үш әлеуметтік нысан бар. Бұдан бөлек, кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй салуға беру үшін 208 жер телімі дайындалған.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.21 (1).jpeg

«Мен осы ауылда тудым және өмір бойы осында тұрып келем. Газды 54 жыл күттім. Бұл жаңалық біз үшін үлкен қуаныш болды. Үй тірлігі кішкене азайды. Бұл сондай-ақ, біраз үнем, мен қысқа көмір мен ағаш сатып алу үшін жылда 200 мың теңгедей жұмсадым», - дейді ауыл тұрғыны Нұржамал Ыбырашева.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.22 (1).jpeg

Облыс әкімі: Газ – біз ең бірінші келген кезде Елек тұрғындарының айтқан негізгі өтініші болатын. Биыл осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. 208 жер телімі жаңа үйлер салуға дайындалып жатыр. Елді мекендеріңіздің келешегі зор. Газ бар, электр бар, үлкен магистральді жолдың бойында орналасқан. Ауылдың әрі қарай дамуы сіздерге де - тұрғындарға да, яғни сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен бірліктерңізге байланысты, - деп атап өтті.
WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.22 (2).jpeg

Сонымен бірге өңір басшысы әлеуметтік нысандарды, ең алдымен мектептерді газ құбырына тез қосуды тапсырды.

Қызметтік сапар Қандыағашта жалғасып, Оңдасын Оразалин былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөнделген орталық стадионның қызметімен танысты.

Стадионда 500 адамға арналған мінбер мен 25 метрлік мылтық ататын тир бар. Мұнда футболдан, шахмат пен пауэрлифтингтен, дзюдо, самбо және қазақша күрестен оқу-жаттығулар өтеді.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.22.jpeg

Осы жылы Қандыағашта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында төрт көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылды. Жұмыстың демеушісі - «Кентавр» ЖШС.

«Кентавр» ЖШС-не барлығы 30 млн. теңге бөлінді. Қаражаттың бір бөлігі қасбеттерді сырлаумен қатар көктемде еріген судың тасу қаупі төніп тұрған көшелерге арық салуға жұмсалды. Бұдан өзге, осы жылы қалада жалпы құны 37 млн теңге болатын жаяужол салынып, бірнеше аула жарықтандырылды. «Нұрлы көш» деген үлкен шағын аудан ашқалы жатырмыз. Жыл соңына дейін инфрақұрылым жүргізіп, кейін 135 жер телімін беруді жоспарлап отырмыз», - деді аудан орталығын дамыту бойынша жоспарлары жайында баяндаған Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов.
WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.22 (3).jpeg

Өңір басшысы саябақтарды, гүл бақтары мен басқа да қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруге, көпқабатты үйлерді жөндеуге және көшелерді түнгі жарықпен қамтуға көбірек көңіл бөлуді тапсырды.

Облыс әкімі сондай-ақ, дене шынықтыру-ойын-сауық кешенінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда келушілерге ойын, күрес және жаттығу залдарынан бөлек, үлкен бассейн болады. Нысанды келер жылы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оңдасын Оразалин бірнеше өндіріс нысанына барды. Олардың қатарында «Неохим» ЖШС-нің газ-бетон құрылысына арналған бұйымдар шығаратын зауыты бар. Биыл зауыт 2 млрд теңгеге қайта қалпына келтірілді. Мұнда жылына 110 м3-ге дейін қабырға блоктары мен кеуек газ-бетондары шығарады. Негізгі проблема – білікті әрі тар бейінді мамандар жетіспейді. Бұл сұрақ қазіргі таңда жергілікті колледжбен бірге шешілуде.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.23.jpeg

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көрсетілген қаржылай қолдау «КазТермоГрупп» ЖШС-нің базальт минералды мақтасын шығаратын зауытқа жан бітіруге мүмкіндік берді. Биыл мамыр айында жасалған қалпына келтіру жұмыстарының құны 1,9 млрд. теңге. Нәтижесінде бес жыл тұрып қалған өндіріс іске қосылып, 230 адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы – 30 мың тонна базальт минералды мақтасы. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.23 (1).jpeg

Сол күні Мұғалжар ауданында тағы бір ауылға газ кірді. Жұрын ауылындағы жобаны жүзеге асыруға 108 млн теңге бөлінген. 1330 адам тұратын 292 түтін, сонымен қатар, алты әлеуметтік нысан газбен қамтылмақ.

Жұрын ауылында былтыр үш көшенің жолына асфальт төселген еді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Балалар лас жерді баспасын деп мектепке жаяужол саламыз. Аудан әкімі жергілікті мектеп ғимаратын қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Бұл жоба қолдау табады. Өйткені, ауыл өсіп келеді, бұрын көшіп кеткендер қайтып келіп, үй салып жатыр. Сондықтан бала да көп болады, - деді ауыл тұрғындарымен тілдескен облыс әкімі.
Бізде енді газ болатынына өте қуаныштымыз. Осыны көп күттік. Бұл деніміздің арманымыз. Мемлекет пен облыстың басшыларына қолдаулары үшін алғыс айтамыз, - деді ауыл тұрғындары атынан сөз алған Сәлима Өтеулина.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.28.jpeg

Ембі қаласында Оңдасын Оразалин Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының аясында күрделі жөнделген С.Тілепбергенова атындағы көшені қарап шықты.

Өңір басшысы Ембі қаласының әрі қарайғы дамуының жоспары туралы баяндаманы тыңдады. Қазіргі таңда Ембіде 320 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, жыл соңына дейін қаланың барлық көшесі жарықтандырылады, осы мақсатта 32 көшеде жарықтандыру желілерін салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жалғасады.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.27.jpeg

Облыс әкімі Ембі қаласындағы 45 пәтерлік бес қабатты үйдің берілуіне қатысты. Сосын көп жылдар бойы қараусыз қалған 90 пәтерлі бес қабатты үйде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты.

Пәтерлер күрделі жөндеуден кейін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға берілетін болады.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.25 (2).jpeg

Бұдан бөлек, Оңдасын Оразалин Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілік қаражатына салынған спорт кешенін қарады. Құрылыс құны 228 млн теңгеден асады. Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Мұнда дзюдо секциялары, күрес, бокс, үстел теннисі, воллейбол, баскетбол мен футбол түрлерінің барлығы жұмыс жасайтын болады. Кейін Ембіде кәріз ағынын биотазартатын, қуаттылығы 3 мың м3 болатын көптен күткен кешен іске қосылды. Қалаға көп жылдар бойы тазарту имараттары қажет болды.

Бүгінде Ембіде 12 мыңнан аса адам тұрады. Бұл осындай ауылдарға қарағанда анағұрлым көбірек. Кешен Мұғалжар ауданының эколгиясын сақтауға едәуір үлес қосады. Жоба құны миллиардтан асады. Жоба Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының аясында жүзеге асырылған.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 08.22.24 (1).jpeg

Жұмыс сапары Жағабұлақ ауылында аяқталды. Онда өңір басшысы Батпақкөл ауылдық округінің даму келешегі туралы баяндаманы тыңдап, биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген ауыл ішіндегі бес көшені қарады және ангар типтес спорт кешенінің құрылыс барысын қарап шықты, оның құрылысы келесі жылы сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі аудан басшылығына әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы