Бас жаңалықтар
Ақтөбе облысында жолаушылар көлігі 447 құқық бұзушылық жасаған
23 Қаңтар 2021, 14:32 158

Ақтөбе облысында жолаушылар көлігі 447 құқық бұзушылық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылдың 20 мен 22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның мақсаты - жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің бұзуылуын алдын алу.           

Автобустың тұрақты және тұрақты емес жолаушылары мен жүк тасымалына, автобустың техникалық жай-күйіне және оның конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкес келуіне, автобустардан алдын ала медициналық және техникалық тексерулер жүргізушілеріне рұқсат етілуіне ерекше назар аударылады.

Акция аясында жүргізілген бірінші күн нәтижесі бойынша ПД жеке құрамымен жолаушылар көлік құралының жасаған 447 құқық бұзушылық анықталды. Оның  ішінде өздігінен автокөлікке рұқсатсыз өзгерістер енгізудің 7 фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 52 фактісі белгілі болып, көлік құралын басқару кезінде ұлы телефон қолданудың 90 фактісі анықталды, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындардың және азаматтық патруль көмегімен қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген ҚР ЖҚЕ 70-ден астам бұзушылық анықталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...