Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

31 Қазан 2020, 09:23
2775
Бөлісу:
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем​ Исаев тағайындалды.

44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған.​

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарды.

Өзгелердің жаңалығы