Бас жаңалықтар
Ақтөбе облысында 473 сынып қашықтан оқу форматына көшірілді
25 Қыркүйек 2021, 00:20 284

Ақтөбе облысында 473 сынып қашықтан оқу форматына көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе өңірінде 489 баладан індет анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Өңір басшысы орынбасарының мәліметінше, 2021 жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында облыс бойынша мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус инфекциясының 489 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде Ақтөбе қаласында – 362, аудандарда 127 бала ауырып жатыр. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы анықталған 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшіріліп, үй карантиніне оқшауланды. Облыста карантинге жабылған ауысымдар мен мектептер жоқ. Осы жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында педагогтар арасында індет жұқтырғандар саны 53-ке жетті. Облыста мұғалімдер мен оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сонымен бірге барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау туралы қатаң талап сақталады, – деді Руслан Хамбаров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...