Ақтөбе мен Алматы облыстары «қызыл» аймаққа өтті

16 Мамыр 2021, 11:25
1331
Бөлісу:
Ақтөбе мен Алматы облыстары «қызыл» аймаққа өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

16 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ақтөбе мен Алматы облыстары «қызыл» аймаққа өтті
Өзгелердің жаңалығы