Ақтөбе «Ауызашар қоржындары» таратылды

18 Сәуір 2021, 19:53
1627
Бөлісу:
Ақтөбе «Ауызашар қоржындары» таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектер жасалып келеді.

Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде-ақ Ақтөбе облысы имамдары мешітке намазға келген жамағатқа, жарымжан, аз қамтамасыз етілген ауыз бекіткен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық азық-түліктерін таратты. 

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің бастамасымен «Ауызашар қоржыны» атты акция аясында облыс мешіттерінің имамдары 105 отбасыға 272 дана ауызашар қоржынын таратып, 72 отбасыға құрбандық етімен қайырымдылық жасады.


Өзгелердің жаңалығы