Бас жаңалықтар
Ақтөбе әуежайында «Аспан-2019» оқу-жаттығуы өтті
12 Қыркүйек 2019, 18:45 147

Ақтөбе әуежайында «Аспан-2019» оқу-жаттығуы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығуға аумақтық қорғаныстың арнайы әскери батальоны, Ұлттық гвардияның бөлімшелері мен полиция департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қатысты, деп хабарлады Aktobenews.kz.

«Ақтөбе» әуежай маңындағы аэродромда алдымен арнайы жасақтың қару-жарағы көрсетіліп, әуе көліктерінің жұмысы таныстырылды. Т.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттарына арналған оқу-жаттығу ұшағы да көрсетілді. Кейін арнайы алаңда оқу-жаттығу жүрді. Сценарий бойынша алдымен құрамында 60-қа жуық адамы бар қарулы топ халықаралық әуежайға шабуыл жасамақ болды. Аумақтық қорғаныстың бастығы әрі облыс әкімі қарулы топтың күшін жоюды тапсырды.

Күзет қызметі жан-жаққа хабар жіберіп, өздері қарсы шабуылға шықты. Кейін қосымша күш келіп, қорғаныс күшейеді. Оқу-жаттығу кезінде қоғамдық көлікті иемденген террористерді тоқтаты, ұшақты кепілге алғандарды ұстау операциясы көрсетілді. Бұл тактикада арнайы жасақтың дайындығы пысықталды.

«2017 жылы еліміздің нормативтік-құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, аумақтық қорғаныс интеграцияланды. Осы концепцияға сәйкес аумақтық әскери бөлімдер жасақталып, жұмыс басталды. Бүгінгі оқу-жаттығу осы бағытта жүріп, сәтті өтті», - деді ҚР Қорғаныс күштерінің бас штабы аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы Сұлтан Камаладинов.

Оқу-жаттығуға қатысқан өңір басшысы Оңдасын Оразалин күштік құрылымдардың өзара біріге атқарған жұмысы үшін алғысын айтты.

«Аумақтық қорғаныс бойынша өткізілген «Аспан-2019» оқу-жаттығу аяқталды. Оқу-жаттығу Мемлекет басшысының жедел және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталды. Сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадасының стратегиялық обьектісін күзету мен қорғау іс-қимылдарына жауынгерлік әзірлігін тексеру, командалық құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді. Диверсиялық қауіп бұл - күнделікті шындық. Оған немқұрайлылыққ танытпай, төтеп беруге әрдайым дайын болуымыз керек. Оқу-жаттығу нәтижесі біздің аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің стратегиялық обьектілерді күзету мен қорғау және қылмысты жою іс-қимылдарына дайын екенін көрсетті», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық