Актердің қолынан қаза тапқан кинооператор Кеңес одағында туған
22 Қазан 2021, 18:20 24561

Актердің қолынан қаза тапқан кинооператор Кеңес одағында туған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та түсірілім кезінде актер Алек Болдуин абайсызда атып жіберген кинооператор Галина Хатчинс Кеңес одағында дүниеге келіп, өсіп-жетілген екен.

Бұл туралы halynahutchinsdp.com сайтында хабарланды.

Украинада туған Галина Кеңес үкіметінің әскери базасында бұғылар мекен еткен жерде өскен, - делінген сайтта. 

Галина Киев университетінің халықаралық журналистика бөлімін тәмамдап, кейіннен тергеуші-журналист ретінде Британиядағы кинодокументалистермен тығыз қарым-қатынаста болған.

Өмірінің соңғы кезеңдерінде Хатчинс Лос-Анджелесте тұрған. «Дорогуша» және «Заклятый враг» фильмдерінің түсірілімінде оператор қызметін атқарған. 

Айта кетейік, Нью-Мексико штатында өтіп жатқан «Ржавчина» киносының түсірілімі кезінде қайғылы оқиға болды. Алек Болдуин оқталған қарумен абайсызда адамдарға оқ атып жіберген. Салдарынан фильм режиссері жарақаттанды. 42 жастағы Хатчинс ауыр жарақат алып, ауруханада тіл тартпай кетті.

Кейіннен белгілі болғандай, Алек Болдуин шериф басқармасына өз еркімен барып, тергеушілерге мән-жайды айтып берген. Содан кейін актер үйіне жіберілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...