Бас жаңалықтар
Актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды
06 Қыркүйек 2021, 21:20 709

Актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі француз актері Жан-Поль Бельмондо 89 жасында дүниеден озды.

Бұл туралы актердің адвокатына сілтеме жасай отырып, франциялық БАҚ хабарлады.

Әзірге әртістің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Бельмондо 1933 жылы 9 сәуірде дүниеге келген. Кино әлемінде 1956 жылы дебютке шықты. Алайда оның қатысуымен түсірілген эпизодтар қиылды. Актер экрандарда 1958 жылы көріне бастады. Содан бері өзінің әйгілілігін жоғалтпады.

Жан-Люк Годардың «На последнем дыхании» фильміндегі рөлінен кейін асқан танымалдыққа ие болды. Ол жүзге жуық рөлді сомдады.

2001-2008 жылдары инсульт алғаннан кейін киноға түспеді. 

2015 жылы кинодағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 

Бұдан бөлек Бельмондо түрлі кинопремиялардың лауреаты атанды. Мәселен 2016 жылы ол кинематографқа қосқан үлесі үшін «Алтын арыстанды» иеленді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...