Бас жаңалықтар
Ақтаудан Ыстамбұлға беттеген ұшақ қалаға қайта оралған
30 Қараша 2020, 14:53 772

Ақтаудан Ыстамбұлға беттеген ұшақ қалаға қайта оралған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстамбұлға ұшып шыққан ұшақ қайта Ақтауға оралуға мәжбүр болған. Оған себеп борттағы баланың жағдайының нашарлауы.

Zakon.kz мәліметінше, ұшақ көкке көтерілгенде алты айлық сәби өзін бірден жайсыз сезініп, хәлі нашарлап кеткен. Экипаж командирі Ақтау әуежайына оралуға шешім қабылдады. Сол жерден Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясының басқару пультіне қоңырау түсті.

Жедел жәрдем тобы сәбиді дереу Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді, ондағы жедел жәрдем бөлімінде кезекші жедел реаниматолог баланы қарап, анестезиология және жансақтау бөліміне жатқызды. Тексеруден кейін дәрігерлер диагноз қойды: Екі жақты пневмония, өте ауыр ағымы. ОДН-ның екіншісі деңгейі, ОССН-нің 1-2 деңгейі. Фебрильді ұстама. Баланы қабылдау кезіндегі жағдайы өте ауыр болды. Ол дереу жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ата-анасының айтуынша, баланың ұшақта ұстамасы ұстаған. Қазіргі уақытта, жүргізіліп жатқан реанимациялық шараларға қарамастан, баланың жағдайы ауыр деп бағаланады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...