Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

2 Сәуір 2021, 14:05
1646
Бөлісу:
Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық жол сапа орталығының өңірлік филиалы жергілікті университет, колледждермен әріптестік байланыс орнатқан.

Тараптар жол саласында жоғары білім алып жатқан студенттерді Ақтаудағы филиалда тәжірибеден өткізіп, үздік қызметімен көзге түскен жастарды тұрақты қызметке алуға уағдаласқан. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Бұл келісімнің нәтижесін бүгінде екі студент жас көріп те үлгерді. Соның бірі – Оразалы Ақылбеков. Алматы облысының тумасы 2015 жылы Ақтауға отбасымен бірге қоныс аударған. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Оқуда озат болған жас Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне автомобиль жолдарын және аэродромдарды пайдалану мамандығы бойынша оқуға түседі. Биыл арнаулы орта оқу орнын «Қызыл дипломмен» аяқтап отыр.

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Жол сапа орталығының қызметкерлері соңғы екі жылдан бері тұрақты түрде колледж қабырғасында студенттермен танымдық кездесулер өткізіп келеді. Сондай жиындардың бірінде ақылы тәжірибеден өтуге болатындығы айтылды. Осы саланы меңгеруге құлшыныс танытқан көптеген жастың бірі болып мен де бағымды сынап көрдім. Бағыма орай, құжаттарым қабылданып, 2020 жылдан бастап тәжірибе жинақтай бастадым. Ай сайын 85 мыңдай теңге шәкіртақыны филиал тарапынан төленуі жауапты әрі қызықты қызметке ынтамды арттырды. Маңғыстау облысы бойынша автокөлік жолдарының сапасын бақылаушы мамандармен күн сайын трассаларға шығып, олардың ағымдағы жай-күйін тексеру тәсілдеріне қанықтым. Тексеруші мекеме қызметкерлері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды қолданады. Соларды басқару тетіктерін аз уақытта үйреніп те алдым. Жақын арада диплом аламын. Мұндағы басшылық «қызмет орның дайын» деп мені қуантып отыр. Бұл - маған деген зор сенім. Оны ақтауға барлық күш-жігерімді саламын, - деді Оразалы Ақылбеков. 

Мемлекеттік мекеме өкілдерінің айтуынша, колледжді биыл аяқтайтын тағы бір студентті келешекте қызметке алу жоспарда тұр. Ол өз еркімен әскер қатарына баруға жазылған екен. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Жалпы жол саласында маман тапшылығы Маңғыстау өңіріндегі аудан-қала әкімдіктерінде, автомобиль жолдарын салушы мердігер компанияларда да байқалады. Өз кезегінде, Ұлттық жол сапа орталығы өзінде тәжірибе жинаған жұмысқа дайын жас кадрлардың түйіндемелерін өзімен әріптестік байланыстағы мекеме-кәсіпорындарға жолдай алады. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Университет не колледждермен шектелмей орта мектептермен де байланысты күшейтіп жатырмыз. Маңғыстау өңірінде 154 мектеп бар. Былтырдан бастап алатын болсақ, солардың тең жартысына жуығына аяқтай барып, карантин уақытында онлайн сұхбат жүргізіп, 9-11 сыныптардың оқушылары қойған сауалдарға түсінікті тілмен жауап бердік. Бұл бағыттағы жұмыстарды әр ай сайын жалғап келеміз. Мұндағы мақсат - мектеп бітірген соң баланың өмірлік мамандық таңдауда қателеспеуге шақыру. Өткен жылы еліміз бойынша «1000 мектеп» атты жоба қолға алынды. Жол сапа орталығының барлық аймақта филиалы бар. Осындай үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізу арқылы алдағы он жылдың көлемінде кәсіби жолшы мамандардың санын жас кадрлармен толықтыру жоспарланып отыр, - деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Маңғыстау филиланың басшысы Елтай Таялиев. 
Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Жалпы Қазақстанда 3 мыңға тарта жолшы маман қажет. Жол шеберлері, инженер-сметашы, зертханашы, жол инженерлері, автогрейдер жүргізушісі, механизатор тағы басқа мамандық түрлері бойынша барлық өңірде бос орындар бар екенін ресми айтылады. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Елтай Құспанұлының сөзінше, Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2948 шақырымды құрайды. 1020 шақырымы республикалық, қалған 1928 шақырымы облыстық және жергілікті маңызда. 

Соның 80 процентінің сапасы жақсы. Бұл көрсеткіш біраз облысқа қарағанда біраз жақсы деген сөз. Алайда, ұдайы күтімді қажет ететін трассаларды бүлдіруші факторлар да бар. Мәселен, 35-40 тонна жүк артып жүретін ауыр көліктер. Шектік салмақ көтеруі 8-12 тонна деп көрсетілген жолдардың үстімен күнде жүре берсе не қалады?! Тек былтырғы жылдың өзінде көліктік бақылау инспекторларымен бірлесе жүрген рейдттерде 1300-ге жуық жүк көлігін тоқтатып, таразыда салмағын өллшедік. Тым асыра құрылыс материалдарын тасып жүргені үшін жалпы көлемі 33 млннан астам теңгеге айыппұл салынды, - дейді Елтай Таялиев. 

Ақтауда жол саласында маман тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Осы тектес жүгенсіздікті тыйуға бағытталған бақылау шараларына белсенді азаматтар да тұрақты қатысып жүр. Олар аталған орган жанынан құрылған «Халықтық бақылау» кеңесіне мүшелікке қабылданған. 

Қазіргі уақытта БАҚ өкілдері, әртүрлі ұйым-мекеме мамандарынан құралған жеті адамдық топ облыс аумағындағы трассаларға шығып, кездестірген заңсыздықтардың жолын кесуде.



Өзгелердің жаңалығы