Бас жаңалықтар
Ақтауда Оқушылар сарайы салынады
21 Сәуiр 2021, 00:42 190

Ақтауда Оқушылар сарайы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 17-шағын ауданда үш қабатты Оқушылар сарайы салынады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер көлемі 3 гектарға жуық. Ғимарат аумағы 6540 шаршы метрді құрайды. Күніне 1000-нан астам баланы қабылдайды деп жоспарлануда.

Бірінші қабатта қысқы бақ, компьютер сыныбы, сурет, фото және видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар, буфет орналастырылады. Ал екінші қабатта 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік бөлмелер, кітапхана болады. Үшінші қабатта шағын обсерватория, ғылыми мұражай, робототехника бөлмелері, экспериментальды бөлмелер, орналасады.

Өңірде талантты бала көп. Олар көбінесе уақытын бос өткізеді. Алдағы уақытта осы ғимаратқа келіп, өзін дамыта алады. 3 қабатты сарайда оқушылар үшін барлық жағдай жасалады. Мысалға, химия, биология, физика бойынша толыққанды эксперименттер жүргізуге, киберспортты дамытуға, коворкинг кеңістігі мен көпшілікке арналған кітапхана пунктінде жасөспірімдер клубын ұйымдастыруға, концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге болады, - деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов.



Фото: дереккөз
Загрузка...