Ақтауда итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

14 Қазан 2020, 05:13
1716
Бөлісу:
Ақтауда итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының ПД  баспасөз қызметі.

Итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты қозғалған тергеу ҚР қылмыстық-процессуалдық Кодекстің 35-бабының 1-бөліміне сәйкес тоқтатылды. Теңіз жануарына жәбір көрсеткендер келтірген дәйек есепке алынып, қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды, - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен шілде айында Құрық елді мекенінде жағалауға жақын жүзген итбалыққа бірнеше адам тас лақтырып, таяқпен сабап тастаған еді.
Өзгелердің жаңалығы