Ақтау кентінде 6 көпқабатты тұрғын үй салынады – Қарағанды облысы

24 Қазан 2020, 02:40
1618
Бөлісу:
Ақтау кентінде 6 көпқабатты тұрғын үй салынады – Қарағанды облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау кентінде қала маңын абаттандыру жобасы аясында 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жоба Теміртау әкімінің тапсырмасы бойынша әзірленген.

Жаңа құрылыс орындары белгіленген. Әзірге пәтерлердің нақты саны белгісіз

Үш және төрт қабатты үйлер болады. Бүгінгі күні жоспарланған құрылыс үшін жер учаскелері ресімделді. Үйлер 8-орамда, Спартак көшесінің бойындағы «Үйге арналған тауарлар» дүкенінің жанында салынады, - дейді Ақтау кенті әкімінің міндетін атқарушы Әнуарбек Бахриденов.

Алты үйдің құрылысы кентте тұрғын үй мәселесін толығымен шешпейді.

Бүгінде пәтер алу кезегінде жүзге жуық отбасы тұр. Осыған байланысты жергілікті билік бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіруге шешім қабылдады. Ақтауда осындай 14 үй бар. Мамандар қазірдің өзінде барлық қажетті сараптамаларды жүргізумен айналысуда.

Келесі жылы Ақтау билігі тозған су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Біз 8-орамның бойындағы су құбырына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 1,75 шақырым. Бүгінгі таңда бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру жағдайында жұмыстар келесі жылы жүргізілетін болады, - деді Әнуарбек Бахриденов.

 



Өзгелердің жаңалығы