Бас жаңалықтар
Ақсуда көпқабатты үйден шыққан өрттен 20 адам құтқарылды
15 Сәуiр 2021, 08:44 245

Ақсуда көпқабатты үйден шыққан өрттен 20 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың жетеуі – бала, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 20: 44-те  Ленин көшесі, 39 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. Алты қабатты тұрғын үйде  үш бөлмелі пәтердің ас ішетін бөлмесінде тұрмыстық техника мен жиһаз жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы жеті шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 20 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады, - делінген хабарламада. 
Өрт 21:13-те жойылды, себебі мен зияны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ орнына жеке құрамның жеті адамы және өрт сөндіру қызметінің екі техникасы, сондай-ақ полиция және жедел жәрдем қызметкерлері шықты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...