Бас жаңалықтар
Ақсу жылыжай кешені көкөніс өсірудің жаңа технологияларын енгізеді
22 Қазан 2020, 18:47 92

Ақсу жылыжай кешені көкөніс өсірудің жаңа технологияларын енгізеді

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақсудағы жылыжай кешені көкөніс өсірудің жаңа технологияларын енгізбек.

Кәсіпорын басшысы Дәулет Сағандықтың айтуынша, кәсіпорын облыс халқын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бүгінде жылыжайдың көлемі 1,7 гектарға жеткен. Кешен голландиялық технология бойынша салынған. Ғимараттың ішінде климатты бақылау жүйесі, жасанды жарықтандыру және тамшылатып суару жүйесі бар. 

Кәсіпорын өнім көлемін арттырып, сапасын жақсарту мақсатында «Аға сеньорлар» бағдарламасына қатысты. Жауапты кеңесшілер көкөністі өсіру технологиясына сараптама жасап, агрохимиялық тексеру жүргізді. Жылыжайдағы микроклиматтық сараптама нәтижесінде кәсіпорынға технологиялық үрдісті оңтайландыру жөнінде кеңес берілді. Сонымен қатар нарық талабына сәйкес гибридтер мен сұрыптарды таңдауға назар аудару қажет. 

Технологиялық үрдісті диагностикалау барысында проблемалық тұстар анықталды. Мәселелердің бір бөлігі кеңес беру барысында шешілді. Ал қалған проблемаларды реттеуге уақыт қажет. Мысалы жылыжайда алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу керек. Ал өнімнің көлемін жоспарлау керек. Қуантарлығы, кәсіпорындағы жұмыс процесі дұрыс жасалған, командалық жұмыстың бары сезінеді, - дейді кеңесші Татьяна Сырбачева. 

Айта кетейік, жаңа технологияларды енгізу және басқарудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері бойынша білікті мамандарды шақыруға бағытталған «Аға сеньорлар» компоненті «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.


Фото: автордан
Загрузка...