Бас жаңалықтар
Ақсу тұрғыны алабай күшігін көлігімен сүйреген
24 Шілде 2021, 22:02 650

Ақсу тұрғыны алабай күшігін көлігімен сүйреген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram-дағы пабликтердің бірінде желі қолданушысы ер адамның итті көлікке байлап сүйреткенін жазған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бұл жағдай көпшіліктің ашуын тудырған. 

23 шілде күні Ақсу қаласында сағат 21.15-те Ертіс көшесінде болған жайды көргенде шошып кеттім. Ер адам көліктің артына алабай күшігін сүйретіп бара жатты. Ит қатты үріп, жатып қалды. Мен бірнеше рет айқайлағаннан кейін тоқтап, итті босатты да үйіне кіріп кетті, - дейді желі қолданушысы. 

Павлодар облыстық полиция департаментінде иттің иесі анықталғанын хабарлады.

Ер адам ит үлкен болғандықтан, итпен жаттығу үшін қаладан шығып бара жатқанын айтты. Жолда иттің еркін жүгіруін қарап отырған. Ер адам ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және келесіде осындай фактілерге жол бермеу керек екені туралы ескертілді, - дейді департаментте. 


Фото: дереккөз
Загрузка...