АҚШ-тың солтүстік-шығысы қар құрсауында қалды

18 Желтоқсан 2020, 11:55
1659
Бөлісу:
АҚШ-тың солтүстік-шығысы қар құрсауында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғаттың тосын мінезінен аймақта көлік қатынасы тұралап, кей өңірлерде қатты желден электр желілері үзілген. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Ал Нью-Джерси штатында қоғамдық көлік пен теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Жергілікті билік 14 штатта төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін дейді. 

Синоптиктер Пенсильвания  мен Нью-Йорк штаттарында ақ ұлпа 60 см-ге дейін түседі деп болжап отыр. Аймақтағы бірнеше әуежайда рейстердің 30 проценті сапарына шыға алмай қалды. 

Мамандар жергілікті тұрғындарды жолға шықпай, үйлерінде қалуларын сұрайды. Қарлы боран мінез көрсетіп жатқан аудандарда коронавирустан екпе егу орталықтары да уақытша жабылған.

Өзгелердің жаңалығы