АҚШ тұрғыны лотереядан 700 млн доллар ұтып алды

6 Қазан 2021, 20:08
5759
Бөлісу:
АҚШ тұрғыны лотереядан 700 млн доллар ұтып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорния тұрғыны Powerball лотереясында 699,8 миллион доллар ұтып алды, деп хабарлады The Wall Street Journal, деп жазды Хабар24. 

Жеңімпаздың аты жария етілмеген. Бұл  – АҚШ лотереяларының тарихындағы жетінші үлкен жеңіс. Джекпот сомасы 700 миллионға дейін өсті, өйткені соңғы 40 лотереяда үлкен жеңімпаздар болған жоқ. 

Жеңімпаз өз сыйлығын 29 жыл ішінде бөліп ала алады немесе бір уақытта 496 миллион доллар алады. Екі жағдайда да сомаға салық салынады.

Өзгелердің жаңалығы