Бас жаңалықтар
АҚШ тұрғындарының 77%-ы вакцина алды
14 Қазан 2021, 12:21 375

АҚШ тұрғындарының 77%-ы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та тұрғындардың 77%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Көптеген компания вакцинация мандатын қабылдағаннан кейін COVID-19-ға қарсы вакцинация деңгейі 20%-дан асқан. Сонымен бірге індетті жаңадан жұқтыру фактілері мен өлім-жітім азайды, - деп хабарлады Ақүйдің пандемияға қарсы үйлестірушісі Джефф Зайенц. 

Екпе мандаттарын жеке кәсіпорындар, денсаулық сақтау жүйелері, әлеуметтік мекемелер, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары енгізеді.

Ал Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың 12 298 жаңа жағдайы анықталды, 1 699 адам ауруханаға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы пандемиясынан қайтыс болғандар саны 123 275-ке жетті. 

Өткен тәулікте 194 науқас қайтыс болды. Шенеуніктер COVID-19 жұқтырған 5 026 пациент интенсивті терапия бөлімшелерінде ауыр халде жатқанын айтады. Қазіргі уақытта 46 809 100 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...