Бас жаңалықтар
АҚШ-тан вакцина сұраушы елдер көбейген
15 Наурыз 2021, 11:17 655

АҚШ-тан вакцина сұраушы елдер көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-қа әлемнің көптеген елінен коронавирусқа қарсы вакцинамен бөлісу жөнінде өтініштер келіп түсуде, алайда әзірге бірде бір елдің тілегеі қанағаттандырылмады, деп жазды korrespondent.net.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, ел үшін алымен өз тұрғындарын толықтай вакцинациялау маңызды, басты мақсат сол. 

Әлемнің түкпір түкпірінен өтініштер келіп түсуде. Әзірге Үкімет тарапынан өтініштер қанағаттандырылмады. Өтініш білдірушілер арасында Еуропа елдері жоқ. Біздің елде әлі де күніне 1400 адам көз жұмады. Қазіргі күні ел тұрғындарын вакцинациялау міндеті тұр, - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, президент ел тұрғындарын вакцинациялауға басты назар аударып отыр, өзге елдер өтініші бұл процесс аяқталмай назарға алынбайды.

Псаки АҚШ-пен контрактісі бар фармкомпаниялар өзге мемлекеттермен келісімге келе алатынын атап өтті. 

Қазіргі күні АҚШ-та 105,7 миллион доза вакцина егілді. Вакцинация үшін елде Для этого  Moderna, Pfizer/BioNTech, Johnson&Johnson және AstraZeneca компанияларының препараты қолданылуда.


Фото: дереккөз
Загрузка...