АҚШ-та үстел теннисінен әлем чемпионаты басталады
23 Қараша 2021, 21:45 73

АҚШ-та үстел теннисінен әлем чемпионаты басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем біріншілігі басталады деп хабарлады Olympic.kz. 

Аталған әлем біріншілігі алғаш рет жаңа форматта өткізілгелі отыр. Чемпионатқа құрлықтық және аймақтық іріктеулерде өткен 128 спортшы (жекелей сын) және 68 жұптық сында өнер көрсететін спортшылар бақ сынайды. 

Айта кетелік, үстел теннисінен әлем чемпионаты алғаш рет Еуропа мен Азия аймағында емес, Америкада өткелі жатыр. 

Чемпионатты өткізу құқығына Хьюстоннан бөлек, Марокконың Агадир қаласы да үміткер болған. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...