АҚШ-та ұшақ қозғалтқышы өртеніп, жолаушылар эвакуацияланды

9 Қазан 2021, 14:49
4780
Бөлісу:
АҚШ-та ұшақ қозғалтқышы өртеніп, жолаушылар эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жолаушылар ұшағы қозғалтқыштың өртенуіне байланысты шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Бортта дүрбелең орнап, үрейленген жолаушылар орындарынан тұрып асығыс түрде жүк сөрелерінен қол жүгін ала бастаған. Бортсеріктердің сабыр сақтауға шақырғанына қарамастан, айғайлап, жылаған туристер болды. Олар бір-бірін итеріп, ұшақтан түсуге асыққан, - деп жазды басылым.

Атлантик-Ситиден әуеге көтерілген ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кеткен. Салдарынан өрт шыққан. Барлық жолаушы мен экипаж сәтті эвакуацияланды және әуежай терминалына жеткізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы