АҚШ-та Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ұсынды

20 Қараша 2021, 13:34
940
Бөлісу:
АҚШ-та Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ сенаторы «Украинаға басып кірген жағдайда» Ресейге қарсы санкция салуды ұсынды.Мұндай ұсынысты халықаралық істер комитетінің басшысы Роберт Менендес жасады, деп хабарлады РИА Новости.

Қорғаныс бюджетіне енгізілген түзетулер АҚШ президентінен санкциялар қабылдауды және ресейлік әскери және барлау қызметкерлерінің елге кіруіне тыйым салуды, сондай-ақ Киевке әскери көмекті арттыруды талап етеді.

Менендестің бастамасы сонымен қатар ресейлік банктерге, мемлекеттік мекемелерге, мұнай-газ секторы мен тау-кен компанияларына қарсы санкцияларды қамтиды.

Сонымен қатар мыналарға қатысты шектеулер ұсынылады:

-Ресейдің егемендік қарызын бастапқы және қосалқы орналастыру;

-Солтүстік ағын 2 жобасына қатысатын кез келген компания немесе тұлғаны.

Өзгелердің жаңалығы