АҚШ-та 12 қабатты ғимарат қирап қалды

25 Маусым 2021, 08:50
3337
Бөлісу:
АҚШ-та 12 қабатты ғимарат қирап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Дейд округінде 12 қабатты ғимарат қирап түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Қайғылы оқиғадан бір адамның қаза тапқаны белгілі. 99 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Апат орнында құтқарушылар арнайы техникамен іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оған 80 өрт сөндіруші техника тартылды.

Мамандар  үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 35 адам құтқарылды. Көбі дәрігердің көмегіне жүгінген. Әзірге ғимараттың ішінде нақты қанша адам болғаны белгісіз.

Айта кетейік, опырылып түскен ғимаратта 100-ден астам пәтер болды. Жағалаудағы бұл апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

102 адамның аман қалғанын білеміз. Олардың нақты қайда екені белгілі. Әлі де 99 тұрғынды іздестіріп жатырмыз. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда, – деді Майами-Дейд мэрі Даниэлла Левин Кава.

Өзгелердің жаңалығы