АҚШ-та өлім жазасына электрорындық, ату және газ қолдануға рұқсат етілді

29 Қараша 2020, 14:13
1236
Бөлісу:
АҚШ-та өлім жазасына электрорындық, ату және газ қолдануға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 желтоқсаннан бастап федералды деңгейде өлім жазасына кесілгендерді кез келген заңды жолмен өлтіруге болады, деп хабарлады korrespondent.net.

АҚШ Әділет министрлігі федералды деңгейде өлім жазасын орындау тәсілдерінің тізімін кеңейтті. 

Енді инъекциядан басқа, электрорындықты, улы газды және атуды қолдануға рұқсат етіледі. 

24 желтоқсаннан бастап федералды деңгейде өлім жазасына кесілгендерді үкім шығарылған штатта кез келген заңды жолмен өлтіруге болады, - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, 2020 жылы АҚШ-та 15 адам өлім жазасына кесілген, олардың сегізі - федералды деңгейде.

Өзгелердің жаңалығы