АҚШ-та есірткіден көз жұмғандар саны артты
18 Қараша 2021, 19:48 72

АҚШ-та есірткіден көз жұмғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та бір жылдың ішінде 100 мыңнан астам адам есірткіні шамадан тыс қабылдағаннан көз жұмды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық, деп жазды «Хабар 24».  

Елдің денсаулық сақтау қызметінің мамандары мұндай көрсеткіш бұрын соңды болмағанын айтады. Осылайша дозаны ұлғайтқанның кесірінен тіркелген өлім-жітім көрсеткіші соңғы 20 жылдан бері күрт артып кеткен. 

Статистика бойынша есірткіні шамадан тыс қолданып опат болғандардың саны жол апаттарынан, суық қарудан немесе тұмау мен пневмания ауруынан қаза тапқандардың санынан да асып жығылады. 

Марқұмдардың көбі Опиоидты есірткіден уланып жатыр. Мамандардың айтуынша, соңғы кездері есірткі саудасымен айналысатындар фентанил препаратын түрлі есірткілермен немесе дәрілермен араластырады. Салдарынан улану фактілері жиі тіркелуде.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...