Бас жаңалықтар
АҚШ-та бір тәулікте індеттен 4 470 адам қайтыс болды
14 Қаңтар 2021, 13:09 114

АҚШ-та бір тәулікте індеттен 4 470 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар арасындағы өлім рекорды қайта жаңарды: сейсенбіде 4 470 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Көптеген ауруханаларда орын тапшылығынан адамдар дәліздерде де жатыр, медициналық қызметкерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде. Осыған байланысты, АҚШ-қа келушілер үшін жаңа ережелер енгізілуде: ел шекарасын өтер кезде коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі бар анықтама қажет болады.

Канада індеттің екінші толқынын бастан кешуде. Елдің ең үлкен провинциясы - Онтарио Үкіметі тұрғындарға үйлерінен себепсіз шығуға тыйым салды. Билік денсаулық сақтау жүйесі мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейтінін айтуда.

Ұлыбританияда да COVID-19 кесірінен қайтыс болған адамдар рекорды жаңартылды. Соңғы тәулікте мұнда 1 564 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.
 

Шотландия үкіметі қосымша шектеу шараларын енгізіп те үлгерді. Шектеулер бірінші кезекте қажет емес тауарларды сатып алуға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өзімен алып кету саудасы кезінде ғимарат ішінде келушілердің болуына тыйым салуына қатысты болды.


Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының ғалымдары Бразилиядан келген төрт туристтің анализінен Sars-Cov-2 коронавирусының жаңа нұсқасының белгілерін тапты. Сарапшылардың пікірінше, вирус қайтадан мутацияға ұшырған - шыбық тәрізді ақуыздың пішініне жауап беретін геномдық аймақтарында тағы бірнеше өзгерістер орын алған, оның көмегімен вирустың бөлшектері адамның жасушаларына енеді екен.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...