АҚШ-та аптап ыстық

17 Маусым 2021, 21:42
1351
Бөлісу:
АҚШ-та аптап ыстық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Батыс аумағының көптеген бөлігінде термометр бағанасы көтеріліп, ауа райының мұндай экстремалды жағдайының онжылдықтарға созылған құрғақшылықтың жаңа нормасына айналу қаупін тудырып отыр. 

АР басылымының хабарлауынша, елдің Ұлттық метеорология қызметі осы аптада Финикстағы ауа температурасының рекорд жаңартып отырғанын мәлімдеді. 

Сәрсенбіде мұндағы ауа температурасы Фаренгейт бойынша 115 градусқа (Цельсий бойынша 46 градус) жеткен. Қуаңшылық пен климаттың өзгеруін зерттеп жүрген ғалымдар Американың батысында тұрып жатқан адамдардың алдағы жылдары бұдан да ыстық күн райын көретінін айтып отыр. Палм-Спрингстегі термометр бағанасы Фаренгейт бойынша 120 градусқа жеткен. 

Сейсенбіде Денверде ауаның температурасы рекордтық деңгей – Фаренгейт бойынша 101 градус (Цельсий бойынша 38 градус) болған. Метеорологиялық қызмет азаматтарды Колорадода аптап ыстық қаупі туралы ескертті. 

Лас-Вегастағы температурасы Цельсий бойынша 46,6 градусқа жетті. 

Метеорологтардың мәліметінше, жексенбіге дейін аймақтағы ауа температурасы Цельсий бойынша 45 градусқа жетеді немесе одан да жоғары көтеріліп, 2017 жылдың 20 маусымында тіркелген кезекті рекордты (47 градус) жаңартуы әбден мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы