АҚШ-та 30 жастан асқан тұрғындардың 70%-ы вакцина алған

23 Маусым 2021, 02:22
3128
Бөлісу:
АҚШ-та 30 жастан асқан тұрғындардың 70%-ы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың пандемияға қарсы іс-қимыл бойынша үйлестірушісі Джеффри Зинтс президент Джо Байденнің 30 жастан асқан елдегі ересек тұрғындардың 70%-ына коронавирусқа қарсы препараттың кем дегенде бір дозасын салу керек деген мақсаты орындалғанын айтты, деп жазды РИА Новости.

АҚШ президенті Джо Байден бұл тапсырманы 4 шілдеге дейін орындау керектігін тапсырған.

Бүгін мен сіздерге керемет жаңалықтар жазып отырмын. Біз Президенттің 30 және одан жоғары жастағы барлық америкалық ересектерге вакцина егу бойынша жоспарын орындадық. Бәрі дұрыс: 30-дан асқан АҚШ ересектерінің 70%-ы дәрі-дәрмектің кем дегенде бір дозасын қабылдады, - деді Зинтс Ақ үйден жасалған трансляциядағы брифинг барысында.

Мамыр айында америкалық басшылық коронавирустық вакцинация шеңберінде жаңа мақсат қойды: 4 шілде – Тәуелсіздік күніне дейін елдің ересек тұрғындарының 70%-ына вакцинаның кем дегенде бір дозасын егу. Науқастарды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша дүйсенбідегі жағдай бойынша АҚШ-та 150 миллионнан астам адам COVID-19-ға қарсы толықтай вакцинацияланған, ал елдегі 177 миллионнан астам адам бір вакцинаны қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы