Бас жаңалықтар
АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 8%-ға қысқарды
18 Маусым 2021, 23:16 335

АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 8%-ға қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттарынан Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның жалпы ағыны бір жылда 60%-ға азайды, деп хабарлайды finprom.kz.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде АҚШ пен Қазақстанның тауар айналымы 553,9 млн доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз.

Қазақстан тауар айналымының жалпы көлемінде АҚШ-тың үлесі – 2%, экспорттағы үлесі – 1,2%, импорттағы үлесі – 3,1%.

Экспорт та, импорт та азайған: биыл 4 айда экспорт 198 млн доллар болды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда минус 10%), импорт – 355,9 млн доллар (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда минус 7,4%).

1 маусымда Қазақстан аумағында 411 америкалық кәсіпорын жұмыс істеген (өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға көп). Оның 371-і шағын бизнес, 15-і орта, 25-і ірі бизнес болып саналады.

Америкалық компаниялардың басым бөлігі сауда және көлік жөндеу, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында, сондай-ақ қаржы және сақтандыру секторында жұмыс істейді.

2021 жылғы 1 қаңтарда АҚШ-тан Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі – 42 млрд доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық.

Инвестицияның негізгі бөлігі тау-кен өнеркәсібі және кен шығарылатын орындарды (карьер) игеру үлесінде: инвестиция 89,5% немесе 37,6 млрд доллар. Екінші және үшінші орындарда кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, оның ішінде геологиялық барлау және іздеу, автомобильдер мен мотоциклдерді сату, жөндеу салалары.

2020 жылы АҚШ-тан Қазақстанға 2,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,6%-ға аз. Мысалы, 2019 жылы тікелей инвестицияның жалпы ағыны 5,5 млрд доллар болған, бір жылда плюс 3,8%. Бұл көрсеткіш коронавирус пандемиясы басталғанға дейін тұрақты өскен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...