Бас жаңалықтар
АҚШ мамандары арықтауға кедергі келтіретін әдеттерді атады
02 Қыркүйек 2021, 17:34 2532

АҚШ мамандары арықтауға кедергі келтіретін әдеттерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың диетолог мамандары салмақ тастағысы келетін жандарға кедергі келтіретін зиянды әдеттердің тізімін жасады.

Бұл туралы Eat This, Not That басылымы хабарлады.

Дәрігер Роксана Эхсанидің мәлімдеуінше, зиянды әдеттердің бірі - түскі ас уақытында үзіліс жасамау.

Түскі астан бас тарту сіздің өнімділігіңізді және көңіл-күйіңіздің төмендеуіне әкеледі. Бұл әдетіңіз сіздің кешке қарай тамақты көптеп тұтынуыңызға септеседі, - деді маман.

Ал диетолог Кристен Смит, өз кезегінде, уақытылы тамақтанудан бас тарту үлкен қателік екенін айтады.

Көптеген адам, керісінше, калорияны жеткілікті деңгейде тұтыну керектігінен хабарсыз. Дұрыс тамақтанбау кей сәтте салмақ қосуға алып келуі мүмкін, - деді Смит.

Сонымен қатар мамандар жұмыс орнында және теледидар қарап отырып азық тұтынғанды құптамайды. Бұндай жағдайда адам экранда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, ағзасы жеген азығын дұрыс қабылдамайды.

Көгілдір экран алдында тамақтану кезінде біз не жеп отырғанымызды ойланбаймыз. Сол себепті миымыз болған сәтті басқаша қабылдайды. Бұның әсерінен асқазанға шектен тыс калория бөлінеді, - деп түсіндірді Эсани.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...