АҚШ Ирактағы 18 жылға жалғасқан миссиясын аяқтап, әскерін шығармақ

27 Шілде 2021, 14:35
2805
Бөлісу:
АҚШ Ирактағы 18 жылға жалғасқан миссиясын аяқтап, әскерін шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында АҚШ Президенті Джо Байден мен Ирактың премьер-министрі Мустафа аль-Казыми АҚШ-тың Ирактағы әскери миссиясын аяқтау бойынша келісімге қол қойды.

Бұл туралы АР хабарлады.

Біздің Ирактағы ендігі рөліміз...үйретуді жалғастыру, көмектесу және Ислам мемлекетімен істес болу. Шамамен осы жылдың аяғына дейін біз ұрыс алаңында болмаймыз. Өңірдің тұрақтылығы үшін біздің ИГИЛ-мен бірлескен күресіміз өте маңызды. Қарым-қатынастың басқа кезеңіне өтсек те, біздің лаңкестікке қарсы күрестегі әріптестігіміз жалғаса бермек, - деп мәлімдеді Байден.

Еске салсақ, Ирактағы америкалық миссия 18 жылға созылды. Қазір ол елде АҚШ-тың 2500 әскери қызметкері ИГИЛ-ге қарсы күрес жүргізуде.

Енді бұдан былай америкалық әскерилер ирак әскерлерін тек үйретіп, кеңес беріп отырады.

Ел премьері Ирак Ислам мемлекетіне қарсы өзі күресуге қауқарлы екеніне сендірді.

Айта кетейік, 2011 жылы АҚШ өз контингентін Ирактан шығарған болатын. Дегенмен 2014 жылы Ислам мемлекетінің Мосулге шабуылынан кейін қайтып оралды.

Белгілі болғандай, жаз соңына дейін АҚШ Ауғанстаннан әскери контингентті толығымен шығаруға ниетті.

Өзгелердің жаңалығы