АҚШ елшісі вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

21 Сәуір 2021, 15:20
4285
Бөлісу:
АҚШ елшісі вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер онлайн дөңгелек үстел кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі пандемия уақытында АҚШ коронавируспен қалай күресіп жатыр? Ел тұрғындарын вакцинациялау процесі қалай жүргізіліп жатыр деп редакциямыз сауал жолдады.

АҚШ азаматтары үшін дүйсенбі (19 сәуір – Baq.kz) өте маңызды күн болды. Президент Байден мырза 19 сәуірден бастап 16 жастан асқан ересек азаматтар вакцина ала алатынын айтты. АҚШ-та вакцина жеткілікті. Әр АҚШ азаматына екпе салуға дайынбыз. Сондай-ақ жаздың соңына дейін АҚШ қажетті көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін, - деп айтты ол.

Елші айтып өткендей, вакцинаның арқасында жаппай иммунитет қалыптасады.

Қазақстанда да ұжымдық иммунитеттің қалыптасқанын қалаймыз. Егер вакцина салу мүмкіндігі болса, екпені алыңыздар. Өйткені бұл алдымен сіз үшін, денсаулығыңыз үшін, ел үшін маңызды шара, - деп атап өтті дипломат өз сөзінде.

АҚШ елшісі Уильям Мозер мырза өткен аптада америкалық "Модерн" вакцинасын салдырған. Енді екінші компонентін 11 мамырда салдырады.

Вакцина салдырғаннан кейін сол қолымда аурушаңдық байқалды. Алайда вакцинаны оң қолыма салдырдым. Екпе алған балаларым екінші дозасынан кейін вакцинаның әсері айтарлықтай болмайтынын айтты, - дейді Уильям Мозер.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр.


Өзгелердің жаңалығы