Бас жаңалықтар
АҚШ COVID-19-ға қарсы дәрі өндіруге қыруар қаржы бөледі
19 Маусым 2021, 07:36 1424

АҚШ COVID-19-ға қарсы дәрі өндіруге қыруар қаржы бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ үкіметі жаңа бағдарламаға 3,2 млрд доллардан астам инвестиция құяды. Оның мақсаты – COVID-19 ауруына қарсы дәрі-дәрмекті жасап шығару деп жазды inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Инвестициялар препараттардың клиникалық зерттеулерін жеделдетуге жұмсалады. Дәрі осы жылдың соңына дейін тіркелуі әбден мүмкін. Қаражаттың үштен бірі ауруды бастапқы сатыда тежейтін немесе пандемияға әкелуі мүмкін басқа инфекцияларды емдеуге көмектесетін препараттарды  шығаратын зерттеу орталықтарына үлестіріледі.

2020 жылы АҚШ билігі вакцинаны дайындауға 18 миллиард доллардан астам қаражат бөлген еді.

Ресейде де коронавирусқа қарсы дәрі жасалуда. Сәуір айында ФМБА иммунология институтының директоры Мұса Хаитов «Мир-19» деп аталатын дәрінің тиімділігін жариялаған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...