Бас жаңалықтар
АҚШ 11 қыркүйектегі теракт құрбандарын еске алып жатыр
11 Қыркүйек 2021, 08:39 114

АҚШ 11 қыркүйектегі теракт құрбандарын еске алып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұдан дәл 20 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қанды оқиға есіңізде болар?! 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер 2 әуе кемесімен Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығын соғып, зәулім ғимараттардың күл талқанын шығарған еді. Үшінші лайнер Вашингтон  маңындағы Пентагонды нысанаға алды. Ал төртінші ұшақ Пенсильвания штатындағы алқапқа құлады. Осы оқиға кезінде 19 жанкештіден өзге 2977 адам мерт болды. Бұл сол кезде Ауғанстанды мекендеген «Аль-Каида» экстремистік ұйымының ісі еді.

11 қыркүйектегі теракт кезінде қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге осы сәтке дейін 8 миллиард доллардан астам өтемақы төленген. Бұл туралы осы іске жауапты Қордың есебіне сілтеме жасаған американдық «Си-Эн-Эн» телеарнасы хабарлады. Өтемақы 40 мыңнан аса адамға берілген. Биыл жазда өтініш қабылдау аяқталған болатын. Бірақ қоғамдық белсенділер өтемақыға өтініш қабылдауды қайта жандандыруы керек деп есептейді. Себебі аталған ақша қолына тимеген адамдар әлі көп.
2001 жылы 11 қыркүйекте біздің топ жұмыс кестесі бойынша Егіз мұнараның өрт қауіпсіздігіне жауапты болды. Сол кезде қос ғимаратта 50 мыңға дейін адам болған. Өрт сөндіру департаментінің 750 маманы эвакуацияға жұмылдырылды. Біз мыңдаған адамды алып шықтық. 343 әріптесімізден айырылдық. Сол күннен кейін біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Күніне 24 сағат, аптасына 7 күн құтқару жұмысымен айналыстық. Осылайша 2002 жылдың мамырына дейін қауырт жұмыс істедік, – дейді Нью-Йорк өрт сөндіру департаментінің комиссары Дэн Нигро.
Лаңкестік шабуылдардан кейін авиацияда көп нәрсе өзгерді. Бұрын айқара ашық тұратын ұшқыштардың кабинасына ешкім бұза алмайтын бронды есіктер орнатылды. Ұшу алдындағы тексеріс күшейтілді. Әуе компаниялары АҚШ билігіне әр жолаушы туралы алдын ала ақпарат жолдайтын болды. Тексеріс кезінде күдік тудырғанда рейске жіберілмейтін жағдай жиіледі. 
Ең үлкен өзгерістің нәтижесі ретінде Транспорт Қауіпсіздігінің әкімшілігі атты арнайы мекеме құрылды. Осылайша әуежайлардағы жолаушылар мен жүктерді жаппай, бастан-аяқ сканерлеу жүйесі енгізілді, – дейді авиация қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Джефф Прайс.
Терактілерді ұйымдастырды деген күдікке ілініп, Гуантанамо түрмесіне қамалған 5 адамға қатысты сот ісі қайта жанданды. Бұл процесс 17 ай бұрын коронавирусқа байланысты 17 ай бұрын тоқтатылған елді.

Күдіктілер арасында бас ұйымдастырушы – Кувейт тумасы Халид Шейх Мохаммед және 4 сыбайласы бар. Джо Байден терактілерге қатысы бар тергеудің жекелеген материалдарын құпия құжат санатынан шығарып, жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл оның сайлау алдында берген уәдеcінің бірі болатын. Сондай-ақ Байден АҚШ-та осыдан 20 жыл бұрын жарияланған төтенше жағдай режимін тағы 1 жылға ұзартты. Себебі Құрама Штаттарға жаңа шабуылдар жасалу қаупі әлі де бар көрінеді.
11 қыркүйектегі оқиғаларды бізді жеке адам және тұтас ұлт ретінде толығымен өзгертті. 20 жыл бұрынғы терактілерге қатысқан лаңкестер сияқты радикалдар әлі де бар, қауіп-қатер сейілген жоқ. Біз олардан әрқашан қорғануымыз керек, – дейді АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд.
АҚШ президенті қыркүйектің 10-нан 12-сіне дейін 3 күнді лаңкестік құрбандарын еске алу және рухтарына тәу ету күндері деп жариялады. Жақында жүргізілген сауалнамаға қатысқан американдықтардың 64 проценті АҚШ-тағы өмір салтын түбегейлі өзгерткенін айтқан. Ал жартысына жуығы 11 қыркүйекті жалпыұлттық демалыс күні деп жариялауды құптаған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...