Ауыр атлетикадан ел рекорды жаңарды
11 Қараша 2021, 13:44 130

Ауыр атлетикадан ел рекорды жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Ақмолда Сайрамкез серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлады Olympic.kz.

Спортшы жарысты қорытындылап, өз ойымен бөлісті.


Жалпы, өз жаттығуыма көңілім толады, алайда 100 пайызға деп айта алмас едім. Жұлқа көтеруде тек бір мүмкіндікті ғана пайдалана алдым. Дәл осы жаттығуым бойынша жетілдіру мақсатында тағы да жұмыс істейтін боламын, - деді ол.


Спортшы серпе көтеруде әр мүмкіндіктен кейін 10 келіден қосып отырды.


Иә, қосып отырдым және оған күшім жететініне сенімді болдым. Десе де, 157 келіден кейін белім мазалап, жайсыздық сезілгенде бас тартамын ба деп ойладым. Кейін бірінші орынды бұлай оңайлықпен ешкімге бермеймін деп шештім, - деді Ақмолда Сайрамкез.



Фото: дереккөз
Загрузка...