Ақмолалық тұрғынның депозиттік шотынан млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды
26 Қараша 2021, 10:33 171

Ақмолалық тұрғынның депозиттік шотынан млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қарашада Есіл АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық туралы арыз келіп түсті, деп хабарлады Polisia.kz. 

Әйел 17 қарашада ҚР банктерінің біріндегі жәбірленушіге тиесілі депозиттік шотынан белгісіз біреу 1 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін хабарлады. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол бұрын ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Есіл қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Алдын ала анықталғандай, күдікті әйел мен жәбірленуші таныс болған, ал күдікті қылмыстық әрекеттер жасау үшін өз құрбанының телефонын пайдаланған. Күдікті ұялы қосымша арқылы ол пайдаланатын телефон нөмірін қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сенім білдірілген адам ретінде белгілеген. 

Аталған факті бойынша Есіл аудандық ПБ тергеу бөлімі ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//