Ақмолалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды

15 Сәуір 2021, 11:51
1807
Бөлісу:
Ақмолалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды
PHOTO
Фото: автордан

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп жолда қабылдау ұйымдастырды. Оның барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтар мен айыппұлдар бойынша кеңестер алды.

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Қасеновтың айтуынша, ведомствоның міндеті көлік құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігі және экология саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау болып табылады.

_IMG_20210408_151418.jpg

Бақылау автомашиналарды елдің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік шекара арқылы жүктерді өткізу орындарында тексеру арқылы жүзеге асырылады. Көлік заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы тасымалдаушыларға қатысты 400-ден астам әкімшілік материал қаралып, 30 млн теңгеге айыппұл салынды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 50-ден астам автотасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Инспекция ел аумағы бойынша көліктің жүргені үшін алым алу бойынша бірқатар жұмыс жүргізді. Көліктік бақылау жүргізу кезінде рұқсат құжаттарын бергені үшін алымның жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты, - деп атап өтті Қанат Қасенов.

Оның мәлімдеуінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жолда қабылдау ретінде тұрғындармен кездесудің осындай форматы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ақмолалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды

Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кеденмен байланысты тасымалдау саласында кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, жүктерді жеткізуге арналған құжаттарды, тауарларды тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу кезінде кеңес берді.

«Камаз» жүргізушісі Василий Казанцев мобильді қабылдау бөлмесінің мамандарына түсініктеме алу үшін жүгінгенін айтады.

Серіктесіммен Степногорден Азат ауылына астық жеткізу үшін жолға шықтық. Әрине, кездесудің осындай форматы жүргізушілерге өте ыңғайлы. Қандай да бір мәселелер бойынша заңгерлік кеңес ала аласыз, барлық мамандар бір жерде. Бүгін су тасқыны кезінде тасымал үшін қандай жүк қолайлы екенін сұрадым. Азық-түлік тасымалына ерекше талап жоқ екен, тек 40 тоннаға дейін тасымалдауға рұқсат етіледі, – деді Василий Казанцев.

Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Ербол Жаркенов су тасқыны кезеңінде, яғни 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында республикалық маңызы бар барлық жолдарда азық-түлік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар өзгермейтінін жеткізді. Шектеулер инертті, құрылыс материалдарын тасымалдауға қолданылады, машинаны шамадан тыс толтыруға болмайды, доңғалақ осіне жүктеме 8 тоннадан аспауы керек.

Ведомство қызметкерлері ауыр жүк көліктерін тоқтатып, жүргізушілерге машиналарды пайдалану бойынша заңнама нормаларын түсіндірді.

Акцияға қатысқан жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Әділбек Сұрағанов мұндай формат азаматтар үшін ыңғайлы екенін атап өтті.

Мұндай акцияларда жүргізушілер оқиға орнында түрлі ведомство мамандарынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен бірге біз азаматтарға заңнамадағы жаңа өзгерістерді жеткізіп, жол қауіпсіздігі желісі бойынша құқықтық көмек көрсетеміз. Егер сұрақтар, ұсыныстар келіп түссе, біз дереу әрекет етеміз немесе өтініштерді басқа құзыретті органдарға жібереміз, – дейді Әділбек Сұрағанов.

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Қасенов инспекция қызметі бағыттарының бірі автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Тасымалдаушылардың рұқсат етілген салмақ және осьтік параметрлерді сақтауын қадағалау бойынша да бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. Инспекция жолаушылар тасымалына да ерекше көңіл бөледі. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жол картасы шеңберінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жолаушыларды таксимен заңсыз тасымалдауды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. «Индрайвер» қосымшасына қатысты мәселелер бар. Ол арқылы адамдар жолсеріктерді жинайды, олардан ақша алады және салық төлемейді, лицензиясыз тасымалдау және тиісті құжаттарды ресімдеумен айналысады, – деп түсіндірді көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Қасенов.


Өзгелердің жаңалығы