Бас жаңалықтар
Ақмолада әйел жаңа туған баласын 1 млн теңгеге сатып жіберді
26 Шілде 2021, 19:44 486

Ақмолада әйел жаңа туған баласын 1 млн теңгеге сатып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақмолалық полицейлер өңірде жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жаңа туған баланы сатып алу-сату фактісін анықтады. 

Заңсыз мәміле туралы жедел ақпарат облыстық Криминалдық полиция басқармасына келіп түсті, оның қызметкерлері өз отбасына бір жарым айлық қызды алған баласыз ерлі-зайыптыларды анықтап, іздестірді. Белгілі болғандай, мәміле Ақмола облысының аумағында бұрын ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған жаңа туған нәрестенің жұбайы мен анасы арасында жүзеге асырылған. Полицейлер жаңа туған нәрестенің анасына бір млн теңге көлемінде ақша берілгенін анықтады, - делінген хабарламада.

Қазір ақмолалық жедел уәкілдер өңір мекемелерінің бірінің туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған қызметкерлерінің қылмыс жасауға қатыстылығын тексеруде. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 135-бабының 2-бөлігі (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді. Келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.




Фото: дереккөз
Загрузка...