Ақмолада аудан әкімі жол апатынан қаза тапты

15 Желтоқсан 2020, 17:57
2356
Бөлісу:
Ақмолада аудан әкімі жол апатынан қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қаза тапты, деп мәлімдеді Жақсы ауданының әкімдігі.

Ақмола облысы ПД атап өткеніндей, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жердегі «Екатеринбург-Алматы» автожолында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «DAF» маркалы автокөліктің жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Ваз-21214» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. «Ваз-21214» көлігінде отырған Державин қаласының 51 жастағы тұрғыны алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды. «DAF» автокөлігінің жүргізушісі УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы