Бас жаңалықтар
Ақмолада 1800-ден астам бизнес-жоба қолдау тапты
16 Мамыр 2021, 11:20 263

Ақмолада 1800-ден астам бизнес-жоба қолдау тапты

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек» бағдарламалары өз жемісін беруде. Осы уақыт ішінде өңірде 1800-ден астам бизнес-жобалар қолдау тапты.

Облыстың елді-мекендерінде «Еңбек» бағдарламасы арқылы өз кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді. Айталық, Атбасар ауданында бағдарлама аясында 17 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Оның 10 млн теңгесі игерілді. Биылғы жылы гранттар негізінен тың идеялары бар жастарға бөлінеді. Одан әрі жас кәсіпкерлерді жұмыспен қамту орталығы,  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сүйемелдейді. Бизнесті одан әрі дамыту үшін алты пайызбен несие алуға болады. Мемлекеттік қолдау өте тиімді. Бізде бағдарламаға қатысушылар болашақта кәсіптерін одан әрі дамытуды көздейді, - дейді Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бизаль Байтурова.  

Жеке кәсібін бастаған Сәуле Жаңабергенова өткен жылы арнайы курстан өтіп, қайтарымсыз грантты жеңіп алып, бизнес-жобасын сәтті қорғады. Қазір жеке гүл дүкені бар. 

Мен құмыраларда бөлме гүлдерін өсірумен айналысамын. Жеке бизнесім туралы ұзақ армандадым. Бағдарламаның арқасында грант иегері атанып, өз арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. Өткен жылы 16 қыркүйекте дүкен аштым. Мен тек гүлдер мен тұқым сатып алдым, өз қаражатымды да бизнеске жұмсадым. Дегенмен мемлекеттен бөлінген тегін грант жоспарымды жүзеге асыруға көмектесті. Сұраныс бар. Сондай-ақ, мен гүлдерді қайта отырғызуға көмектесемін, егер адамдар түсінбесе, үйлеріне барамын. Енді кәсібімді кеңейту үшін тиімді шарттармен несие алуды жоспарлап отырмын, – деп бөлісті жас кәсіпкер.  

Ал белгілі бір себептермен жұмыссыз қалған Мәдина Евлоева бұрыннан жеке кәсібін ашуды армандаған. Оның бизнестегі алғашқы қадамын тегін массаж курстарынан бастаған. 
Кейін бизнес ашуға қайтарымсыз гранттар берілетінін білдім. Қаланы зерттей келе, бізде тәжірибелі массаж жасайтын мамандар аз екенін түсіндім. Арнайы оқудан өттім, комиссия мақұлдап, грантқа ие болдым. Осылайша барлық қажетті жабдықты сатып алып, жұмыс істеуге кірістім. Әрі қарай артық салмақ мәселесін зерттей бастадым және йога – калланетика әдістерін үйрендім. Жеке сабақ жүргізе бастадым, кейін 15 адамнан тұратын топты жинадым. Тағы да нарықты зерттей бастадым, джампинг туралы білдім де, оқуға кірістім. Бірден батуттар сатып алдым, бастапқыда бесеу болды, қазір 12 дана. Әрі қарай біліктілікті арттыру курстарына бардым. Бүгінгі таңда менің табысым жақсы. Жаныма көмекші де алдым. Алдағы уақытта басқа қалада студия ашу жоспарымда бар. «Еңбек» бағдарламасының арқасында мен өз арманымды жүзеге асырдым, табыс таба бастадым және ең бастысы, жұмысым өзіме ұнайды, – дейді кәсіпкер Мадина Евлоева. 


Фото: дереккөз
Загрузка...